Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚазжолҒЗИ-ға профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев келді

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚазжолҒЗИ-ға профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев келді

29 маусым 2021

ҚазжолҒЗИ-ға химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев келіп, институттың ғылыми әлеуеті мен зертханалардың техникалық жабдықталуымен танысты. ҚазжолҒЗИ президенті, профессор Бағдат Телтаев өзі институт зертханаларын аралатып көрсетіп, соңғы жылдардағы институт жеткен табыстар мен ғылыми жетістіктерін баяндап берді.
 

Профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев институт зерттеп жатқан тақырыптардың ауқымдылығы мен заманауи зерттеу жұмыстарына сай келетін жабдықтары, сондай-ақ жас мамандардың ғылымға деген құлшыныстарына ризашылығын білдірді. Жол ғылыми-зерттеу институтының малекулалық деңгейде зерттеулер жасап жанқандығына қуана табыс тіледі.
 

Ғылымдағы жемісті еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі үлесін ескере отырып, Мұхамбетқали Бүркітбаевқа ҚазжолҒЗИ президенті Бағдат Телтаев «ҚазжолҒЗИ 60 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
 

Ғалым алдағы уақытта ҚазжолҒЗИ мекемесімен бірлесе жұмыс істеп,  отандық ғылыми зерттеулер тақырыбында тізе  қоса еңбектенуге деген қызығушылығын білдірді.
 

Анықтама:
 

Мұхамбетқали Бүркітбаев 300-ден астам ғылыми мақалалардың және 8 патенттің авторы. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды. Бүркітбаевтың негізгі ғылыми еңбектері сулы  орталарда фосфонаттарды радиациялы-стимулденген тізбекте тотықтыру, ерітінділерде фосфор мен күшәннің төмен валентті қосылыстарын тотықтырудың тотығу-тотықсыздану және радиациялық-стимулденген тізбекті реакцияларына арналған. Ол радиациялық химия әдістері көмегімен V-топтың қосымша элементтері қосылыстарының тотығу процестерінің жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеді. Бүркітбаев 160-тан аса ғылыми еңбектің авторы.

 

 


Біздің серіктестер