Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚазжолҒЗИ маманы PhD диссертациясын онлайн қорғады

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚазжолҒЗИ маманы PhD диссертациясын онлайн қорғады

21 мамыр 2021

Ғылыми дәрежені қашықтан қорғауға  алғашқы үміткер, ҚазжолҒЗИ қызметкері  – Құрманғазы Тілеу «Жол құрылымындағы стационарлық емес температуралық өрісті эксперименттік және сандық зерттеу» (Experimental And Numerical Investigation of Non-Stationary Temperature Field in Road Structure) тақырыбында PhD  диссертациясын онлайн-форматта қорғап шықты.

Автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Құрманғазы Тілеу «Инфрақұрылым және көлік» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесіне диссертация қорғады. Онлайн режимдегі диссертация қорғау жұмысы  әлемдегі ең көне университеттердің бірі – Рим қаласындағы Ла Сапиенца  университетінде өтті. Тіркелген тәртіп бойынша қашықтықтан қорғау жағдайындағы барлық процесс бейнежазбасы түсірілді.
 

Оқыту мен қорғаудың жаңа форматтарын қолдану жас ғалымдарға тәжірибелік зерттеулерге бағытталған және ғылыми журналдарда белсенді жарияланған өз жұмыстарына назар аудартуға және оның нәтижелерін қолдана отырып, докторлық дәрежеге ие болуға мүмкіндік береді.
 

Ла Сапиенца - Италиядағы ең беделді университеттердің бірі, ол Италиядағы жоғары оқу орындары рейтингінің бірінші қатарынан түсіп көрген емес. Сонымен қатар Еуропадағы ең іргелі университеттердің бірі болып саналады.
 

Комиссия төрағасы, профессор Massimo Fabris Құрманғазының жұмысына төмендегідей баға берді: «Диссертациядағы зерттеу түпнұсқа, мақсаттары нақты түсіндірілген, библиографиялық талдаудан бастап орындалған жұмыс жүйелі, әрі дәйекті. Нәтижелер қызықты, әсіресе қолданбалы мақсаттар үшін, сараптамалық тұрғыдан талданған. Сұхбаттасу барысында кандидат талқыланған тақырыптар бойынша терең білімін көрсетті, соның ішінде Комиссия қойған сұрақтарға нақты жауап берді. Қорытынды бағасы – «жақсы».
 

Айта кетерлігі, жаңа ережелер сонымен қатар ізденушінің тиісті ғылым саласында бұрын жарияланған еңбектерінің жиынтығы негізінде дайындалған ғылыми баяндама түріндегі «ғылым докторы дәрежесін алуда ғылым, техника және технология үшін үлкен маңызы бар  диссертация жасауға мүмкіндік береді».
 

ҚазжолҒЗИ ұжымы жас ғалымды диссертациялық жұмысын қорғауымен құттықтап,  шығармашылық табыстар тілейді!
 


Біздің серіктестер