Басқы бет → БАҚ біз туралы → Халықаралық білім беру корпорациясымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Халықаралық білім беру корпорациясымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

7 сәуір 2021

Кеше, 6 наурыз күні  Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК - KazGASA) қабырғасында, осы білім беру мекемесінің ректоры Имандосова Маргарита Болатқызы мен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының президенті Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы  арасында кездесу өтіп, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 

Меморандумда қазіргі заман талабына сай көлік құрылысы саласындағы білікті мамандарды дайындауға аса қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру, шынайы жұмыс орнына сәйкес келетін тәжірибеден өту орталықтарын құру, дәрісханаларды арнайы құрылғылармен жабдықтау, пәннің оқу бағдарламасын жетілдіруге институт мамандарын тарту, шақырылған дәрістер ұйымдастыру, көлік құрылысы мамандары мәселесін оңтайлы шешу және «ҚазжолҒЗИ» АҚ материалды-техникалық кешенін оқу үдерісіне тиімді пайдалану, т.б. мәселелер қамтылды.
 

Меморандум аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ негізінде көлік құрылысы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына академия студенттерін кеңінен араластыру да қарастырылды.
 

Осы тұрғыда, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Б.Телтаев:
 

— «2020-2025 жылдары еліміздегі инфрақұрылымды дамыту бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттердің бірі – «Көлік инфрақұрылымы субъектілері мен тасымалдаушылардың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру». Олай болса көлік саласындағы тасымалды жақсарта түсу үшін автожол саласын жоспарлау, салу, пайдалануға берудің барлық кезеңдерін білімді, әрі тәжірибелі  мамандар атқаруы қажет. Ал сапалы мамандардың тұпқазығы – сапалы білім беру, жоғарғы білікті оқытушылар және материалдық-техникалық кешен болып табылады», - деп атап өтті.
 

Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры М. Имандосова өз кезегінде, ХБК-ның аталмыш ұйыммен, автожол құрылысы бойынша ортақ келісімге келудің маңыздылығына тоқтала отырып, ХБК, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік өткізген институциялық және мамандандырылған аккредитацияны 2020 жылдары сәтті өткеніне тоқталды.
 

Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры М. Имандосова:
 

— «Қазіргі кезде ХБК құрылыс саласы бойынша берілетін білім сапасын көтеру бойынша мақсатты түрде жұмыс жасауда және сол сапаға қол жеткізу үшін ҚР жетекші өнеркәсіптік және ғылыми компанияларымен тығыз байланыста жұмыс жасауда» - деді. Кездесуге қатысқан екі тарап басшылығы өзара келісімге қол қоя отырып, екі тараптың одан ары жемісті ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.
 


Біздің серіктестер