Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚазжолҒЗИ жол саласын цифрландыру жобаларына қатысуда

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚазжолҒЗИ жол саласын цифрландыру жобаларына қатысуда

6 сәуір 2021

Мемлекеттік «Нұрлы жол» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары шеңберінде ҚазжолҒЗИ  жол саласын цифрландыру жобаларын іске асыруға белсенді қатысады:
 

  • автомобиль жолдарын салу және жөндеу үдерістерін цифрландыруға арналған  «Жол құрылысының атқарушы моделі» жүйесі әзірленуде;
  • Ақтау, Қарағанды ​​қалаларының «Көше және жол торабын басқару»  жүйесі әзірленуде;
  • 2020 жылы ұзындығы 2290 шқ болатын автомобиль жолдарын диагностикалау және төлқұжаттау нәтижелері қорытылып,  «Жол активтерін басқару жүйесіне» енгізілді;
  • автомобиль жолдарының зерттеліп жатқан  учаскелерінде температура мен ылғалдылық деректерін автоматты түрде алу үшін датчиктер орнатылды;
  • «Infozhol», автомобиль жолдары саласының нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының электрондық базасы «Infozhol»  жаңартылып, 1200-ден астам құжат жүктелді.
     


Біздің серіктестер