Басқы бет → БАҚ біз туралы → Институттың зартханалық базасы заманауи құрылғылармен жабдықталған

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Институттың зартханалық базасы заманауи құрылғылармен жабдықталған

30 наурыз 2021

Институттың зертханалық базасы ғылыми зерттеулер мен жол құрылыс материалдарын стандартты сынақтан өткізуге  арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Зертханада терең зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін 170-тен астам жабдықтар  мен құрылғылар бар, олардың 20-сы бірегей. 2020 жылы институт материалдар мен құрылымдардың сапасын бағалау жұмыстары бойынша  260 хаттама берді. Сынақ нәтижелері бойынша материал мен құрылымдарды пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды шығарылады. Барлық стандартты сынақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Автомобиль жолдарын диагностикалау және төлқұжаттау  жұмыстарына Dynatest (Дания) және Регион (Ресей) заманауи көпфункционалды жылжымалы жол зертханалары қолданылады. 2020 жылы 2397 шқ  автомобиль жолдарына диагностика жасалып, 202 шқ автомобиль жолдары мен қала көшелеріне төлқұжат берілді. Зерттеу  нәтижелері бойынша жолдардың көліктік-пайдалану жағдайына  тиісті қорытындылар жасалды.
 

Кеңес беру  қызметі де жолға қойылған, атап айтсақ  Азия Даму Банкі, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы институттары жүзеге асыратын жобаларға қатысып, кеңес беру қызметін атқарамыз. 2020 жылы  «Күрті-Бұрылбайтал» автомобиль жолының 2295-2335 шқ, 2335-2380 шқ, «Ұзынағаш-Отар» жолының, 63-101 шқ, 101-143 шқ, 143-159 шқ  учаскелерін қайта құру жобасын басқару; «Жол құрылысының атқарушы моделін әзірлеу және енгізу»; «Қостанай облысының автомобиль жолдарын тұрақты күтіп ұстауды қамтамасыз ету жобасы»  бойынша жұмыстар жүргізілді.
 

Институт автомобиль жолдарын салу және қайта құру кезінде авторлық қадағалауды жүзеге асырады. 2020 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», 1013-1046 шқ  және «Жетібай-Жаңаөзен», 0-73 шқ  учаскелерін қайта құру барысында авторлық қадағалау жүргізілді.

 


Біздің серіктестер