Басқы бет → БАҚ біз туралы → Жол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Жол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру

25 наурыз 2021

Институтта жол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2006 жылдан бастап 284 нормативтік-техникалық құжат, оның ішінде 5 Техникалық регламент, 11 мемлекетаралық стандарт және халықаралық, ұлттық және аймақтық стандарттармен үйлестірілген 126 ұлттық стандарт, 142 ведомстволық нормативтік-техникалық құжат әзірленді және қайта қаралды. 2020 жылы 8 нормативтік-техникалық және нормативтік-құқықтық құжат әзірленді және өңделді:
 

  1. ҚР СТ 2476-2014 Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары. Жолдағы қызмет  нысандарына және олардың жұмысына қойылатын талаптар;
  2. ҚР Ұ 218-119-2020 Цементбетонды жамылғылы автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша ұсынымдар;
  3. ҚР Ұ 218-ХХ-2020 Автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу жобалары шеңберінде  Қазақстан Республикасының әртүрлі жол-климаттық аймақтарында автомобиль жолдары саласына жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу үшін қолданыстағы жолдар желісі бойынша тәжірибелік сынақ алаңдары жүйесін құруға арналған әдістемелік ұсынымдар;
  4. ҚР Ұ 218-XX-2020 EuroRAP құралдарын қолдана отырып, жол инфрақұрылымы қауіпсіздігін бағалау жүйесін пайдалану ережелері бойынша ұсынымдар;
  5. ҚР 218-114-2020 Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының тәжрибелік учаскелерін ақаусыз күтіп ұстау деңгейін бағалау бойынша ұсынымдар;
  6. Р Ұ 218-179-2020 Автомобиль жолдарында гофрленген металл құрылымдардан жасалған жасанды имараттарды жобалау және салу бойынша ұсынымдар;
  7. Қарағанды ​​қаласының көшелері мен жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері;
  8. Ақтау қаласының көшелері мен жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері.
     

«ҚазжолҒЗИ» АҚ базасында ТК 42 «Автомобиль жолдары» стандарттау жөніндегі техникалық комитет жұмыс істейді. ТК 42 қызметі ұлттық, аймақтық және халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы автомобиль жолдары саласының нормативтік-техникалық базасын жақсарту бойынша  ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстарымен байланысты. 2020 жылы Техникалық комитет 8 құжат қарады. Институт 365 стандарттар мен нормативтік құжаттарды қарастырып, пікір берді.  
 

 


Біздің серіктестер