Басқы бет → БАҚ біз туралы → 2021 жылғы жол саласы қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

2021 жылғы жол саласы қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

19 ақпан 2021

ҚазжолҒЗИ -да Қазақстан Республикасының жол саласындағы әр түрлі ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өз  жұмысын жалғастырады.

ҚазжолҒЗИ  оқу орталығы 2021 жылы келесі бағыттар бойынша біліктілік арттыру курсын:
 

  • 01-18.02.2021жылы  жол саласындағы  лаборанттарға арналған  «Жол құрылысы материалдары мен жұмыстарының сапасын бақылау» тақырыбы жоспарланған.
     

Бұл курс жұмысы  зертханалық зерттеулерді қажет ететіндіктен міндетті түрде  дәстүрлі форматта жүргізілуі керек. Алайда аталған курс жұмысы оны жүзеге асыру кезіндегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге қалдырылды.
 

Инженерлер мен техниктер үшін келесі тақырыптар жоспарланған:
 

  • «Жол құрылыс материалдары» тақырыбы бойынша курс жұмысы  2021 жылдың 22-24 ақпан аралығында өтеді.
  • «Автомобиль жолдарын салу мен пайдаланудағы озық тәжірибе және жаңа технологиялар»  тақырыбындағы жұмыс  2021 жылдың 1 наурызынан 3 наурызына дейін болады.
  • «Жол жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі» тақырыбы  15-17 наурыз аралығына жопарланды.
     

Курстардың көлемі 3 күн, яғни 24 сағат.
 

Еліміздегі коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты инженерлер мен техниктерге арналған курс жұмыстары қашықтан өткізілетіндігін хабарлаймыз.
 

Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын салу, жобалау, пайдалану бойынша инновациялық шешімдерді қолдануға қатысты Қазақстан Республикасы жол саласының өзекті мәселелерін зерттеу мақсатында, мүдделі ұйымдардан біліктілікті арттыру курстары мен семинарларына арналған қосымша тақырыптар қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын жіберуді сұраймыз.
 

Курс өтетін мекен-жай: «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Алматы қ., Нурпейісов к-сі, 2а.

Байланыс телефондары: 8 (727) 246-33-75, «ҚазжолҒЗИ» АҚ біліктілік арттыру орталығы.
 

Сұрақтар мен ұсыныстарды электронды пошта арқылы да жіберуге болады: ao_kazdornii@mail.ru. Сонымен қатар веб-сайтта кері байланыс жұмыс істейді: www.kazdornii.kz


Біздің серіктестер