Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов ҚазжолҒЗИ-да болды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов ҚазжолҒЗИ-да болды

4 ақпан 2021

Бүгін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов жұмыс сапарымен «ҚазжолҒЗИ» АҚ -на келді.

Осыған байланысты ҚазжолҒЗИ президенті, профессор Б.Телтаев институт институт пен оның құрылымдық бөлімшелеріне арнайы жиналыс өткізді.

Кездесу барысында былтыр атқарылған жұмыс нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Бұдан бөлек, институттың жетістіктері таныстырылды: жаңа әзірлемелер мен бағдарламаларға қатысу, бірлескен жобаларға қатысу; «автомобиль жолдарын диагностикалау және төлқұжаттау» бағытындағы жұмыс нәтижелері; жаңа материалдар мен технологияларды енгізу; ғылыми еңбектердің жоғары рейтингтік басылымдарда жариялануы және т.б.

Институт президенті Бағдат Телтаев институт Қазақстан өңірлерінде әлі зерттелмеген автомобиль жолдарын диагностикалау және төлқұжаттау бағытында жоспарлау және жүзеге асыру бойынша белсенді ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатқанына айрықша тоқталды. Осы орайда облыстық және қалалық әкімдіктермен келіссөздер мен қызметтік кездесулер жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Институт президенті  С.С.Бармақовқа ҚазжолҒЗИ-нің соңғы бірнеше жылда халықаралық мағлұматтар базасына кіретін басылымдардағы негізгі жарияланымдарын да таныстырды. Ол мұндай басылымдар институттың имиджін көтеретіндігін, оның әлемге танылуына септігін тигізетіндігін алға тартты. Сондай-ақ, жаңа серіктестер табуға да ықпал ететінін жеткізді.

Тараптар институттың нанотехнология саласындағы ағымдағы және жоспарлы жұмысын талқыға салды. Мәселен, көміртекті наноұнтағымен (нанобитуммен) нығайтылған битум өндірісі сөз болды.

Сонымен қатар, институт жол битумдарының жоғары және төмен температуралық сипаттамаларын оларды модификациялау арқылы жақсарту бойынша зерттеулер жүргізіп жатқанын атап айтқан жөн.

Жүздесу барысында сыбайлас жемқорлық мәселесі де көтерілді. Өз сөзінде Б.Телтаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып, осы реттегі жұмысты күшейту қажет деді.

Институт алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге үлкен көңіл бөліп келеді. Ғылым ордасында автомобиль жолдарын жобалау мен салу, жаңа технологиялар мен материалдарды елдің нақты нысандарына  әзірлеу және қолдану проблемалары бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Кездесу соңында  Сайранбек Бармақов ҚазжолҒЗИ ұжымына ғылымдағы жетістіктері мен алынған нәтижелері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.


Біздің серіктестер