Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚАЗАҚСТАН ЖОЛШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ

22 қаңтар 2021

Біз бұған дейін ҚазжолҒЗИ  IRAP жүйесін енгізу жобасын қолға алғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Жобаның мақсаты – еліміздегі жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлім-жітімді азайту, қауіпті жол аумақтарын ретке келтіру. Осы бағыттың  алдын алу барысында жоба бойынша жол саласы мамандарын мақсатты түрде оқыту жүргізілді.

Жобаны Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бастамасымен еліміздегі жол саласына қатысты мекеме мамандары оқып, білімін жетілдірді.

Автомобиль жолдары комитетіне қарайтын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ,  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері ішінен жалпы 27 маман жаңа бағытта жұмыс істеуді үйрету-оқыту бағдарламасын  аяқтады.  Оларға қосымша Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ оқытушылары мен облыстық және қалалық әкімшілік мамандары да бар. Яғни, қазақстандық жолшылар біліктілігін халықаралық жүйеге бейімдеп, жаңа сатыға көтерді.

Жол саласы  мамандарына оқыту-үйрету бағдарламасын IRAP стратегиялық жобаларының басқарушы директоры  Грег Смит, ғаламдық операциялар менеджері  Люк Роджерс, оқу және аккредиттеу жөніндегі үйлестіруші Алессандра Франсуа, жол қауіпсіздігінің аға инженері Агустин Чентено сияқты халықаралық дәрежеге ие, беделді мамандар жүргізді.

Білім сәйкестігі сертификатын «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры, IRAP жүйесінінің Қазақстандағы серіктесі Масанов Арыстан тапсырды.

Сонымен Халықаралық дәрежедегі жоғарғы сертификатқа ҚазжолҒЗИ вице-президенттері Айтбаев Ербол мен Жайсаңбаев Азамат, автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментінің директоры Байбатыров Асхат ие болды.
Аталған сертификат мамандарымызға техникалық эксперт ретінде Халықаралық бағдарламалар бойынша жол қауіпсіздігін бағалауға  қатысуға мүмкіндік беріп, білім сәйкестігін растайды. Сертификатқа ие мамандар Қазақстанның бүкіл жол торабын қауіпсіздік деңгейіне сәйкестендіре 5 балдық жүйе бойынша бағалап шығады. Олар бағаланған жол учаскелеріндегі қауіпті аймақтарды анықтап, жол-көлік оқиғалары тәуекелдігі бар жолдарды ең төменгі қауіпсіздік деңгейіне түсіру үшін инвестициялық жоспар жасайды. Осы инвестициялық жоспар бойынша жол иелері өзгерістер енгізіп, жол қауіпсіздігін оңтайландырады.

Бүгінгі күні еліміз бойынша жалпы Халықаралық кеңесшілерменмен бірлесіп, IRAP әдісі бойынша  5 000 шақырым республикалық автомобиль жолдарына және 1 000 қалалық автомобиль жолдарына түсірілім жұмыстары аяқталды.
Жалпы  әлем  бойынша 2020 жылы IRAP әдісімен  102 ел жол қауіпсіздігі саласында жұмыс істеуде. Соңғы 6 жылда 137 мемлекеттен  28 000 маман осындай сәйкестендіру сертифкатын алған.

Бүкіл әлем бойынша 102 ел 1 миллион шақырымнан астам жолға бағалау жүргізіп, соңғы екі жылда жол қауіпсіздігі инфрақұрылымына  81,5 миллиард долларлық инвестициялау жобалары жасалған.

Қазақстан жолшылары да  әлемдік трендтен қалыспай, халықаралық дәрежеде білім алып, халықаралық бағдарлама бойынша техникалық эсперт сертификатын алды.

 


Біздің серіктестер