Басқы бет → БАҚ біз туралы → «БИТОЙЛ» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

«БИТОЙЛ» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫМЕН КЕЗДЕСУ

24 желтоқсан 2020

24.12.2020 жылы ҚазжолҒЗИ мен «БитОйл» компаниялар тобы арасында кездесу өтіп, нәтижесінде екі тарап үшін де  маңызды бірталай келісімдер қабылданды.

Кездесуге екі тараптың да басшылары, атап айтқанда  ҚазжолҒЗИ президенті, т.ғ.д., профессор Телтаев Бағдат, жол-құрылыс материалдары бөлімінің бастығы Әмірбаев Ерік, ал екінші жақтан - «БитОйл»  ЖШС директоры Казнин Дмитрий  және «ARMA GRADE» ЖШС директоры Бестасов Руслан қатысты.

Кездесу барысында жол құрылысы саласында битумды байланыстырғыштарды қолдануға байланысты ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылданды.
Екіжақты келіссөздер барысында Ресей полимерлі битум байланыстырғыштарын  зерттеу жұмыстарын елімізде жандандыру туралы сөз қозғалды. Жұмыс Ресейден жеткізілетін  полимерлі битум байланыстырғыштың әр кезегі  ҚазжолҒЗИ зертханасында тексеріліп, ҚР СТ сәйкестігі туралы қорытынды шығарыла отырып жүргізілетін болады.
Тараптар осы келіссөздер нәтижесінде  алдағы уақытта «БитОйл» компаниялар тобы, ҚазжолҒЗИ  және Ресей Федерациясындағы полимерлі битум байланыстырғыштарын өндірушілері арасында үшжақты  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниет білдірді.

Келісімге сәйкес, «БитОйл»  компаниялары тобы - битум өндірушілері Ғылыми-зерттеу орталығы және Ресей Федерациясы полимерлі битум байланыстырғыштарын өндірушілері мен ҚазжолҒЗИ   арасындағы тығыз, әрі  тиімді байланысты дамытуға үлес қосатын болады.
Тараптар сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға, байланыстар көкжиегін кеңейтуге және өзара ынтымақтастық тиімділігін сақтауға ниет білдірді.

 


Біздің серіктестер