Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

15 желтоқсан 2020

Бүгін ҚазжолҒЗИ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Институт президенті, профессор Бағдат Телтаев жиналғандарды құттықтап, өз сөзінде 16 желтоқсан әрбір қазақстандық үшін маңызды күн екеніне назар аударды.

«Дәл осы күні, яғни 1991 жылы біздің тәуелсіздігіміз жарияланды. Бүгінде  Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі. Біздің еліміз интеграциялық үдерістер мен бітімгершілік бастамаларының көшбасшысы бола отырып, әлемде лайықты орынға ие. Елімізді әлемнің барлық мемлекет басшылары жоғары бағалайды», - деді Бағдат Телтаев.
Тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл елде салтанатты іс-шаралар өткізіліп, ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттайтын үрдіс бар, біздің ұжым да осы заңдылықтан аттап кетпеді. Жиын барлық санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып өткізілгендігін баса айтамыз.

Тәуелсіздік күніне орай ҚазжолҒЗИ-ң бірқатар қызметкерлеріне салтанатты жағдайда келесі марапаттар табысталды:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан жол-құрылыс материалдары бөлімінің бастығы Әмірбаев Ерік "Құрметті жолшы" төсбелгісімен марапатталды.
"Құрметті жолшы"  атағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, автомобиль жолдары саласындағы қызметкерлерге жалпы жұмыс өтілі күнтізбелік мерзімде 10 және одан да көп жыл болғанда, қызметте  жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін  берілетіндігін еске сала кетейік. 
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің алғыс хатын диагностика, автомобиль жолдары мен көпір құрылымдарын жобалау бөлімінің бас маманы Исмаилов Ағаділ алды.

Жол-құрылыс материалдары бөлімінің инженері Сарыбаев Нұрман Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары комитеті төрағасының құрмет грамотасына ие болды.
Жол құрылымдары және жаңа технологиялар бөлімінің жетекші инженері Ержанов Құралбек Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары комитеті төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.
Автомобиль жолдары комитеті төрағасының алғыс хатын диагностика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері  Тілеу Құрманғазы алды.
Диагностика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әбу Бекдәулет ҚазжолҒЗИ президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Тәуелсіздік күні - әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Бұл біздің  Отанымыздың бостандығы, өркендеуі мен күшінің символы болып саналады. ҚазжолҒЗИ атынан біз әр үйге және әр отбасына денсаулық пен бақ-береке, өркендеу, тыныштық пен бейбітшілік тілейміз!

 


Біздің серіктестер