Басқы бет → БАҚ біз туралы → АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

4 желтоқсан 2020

Бүгін, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында институт басшысы Телтаев Бағдат,  «Алматы қаласы бойынша қалалық мобилдік басқармасы» КММ басшысының орынбасары Абжахан Ернұр, Алматы қаласы жол инфрақұрылымдық дамыту бөлімінің басшысы Бостанов Асан, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы қаласы бойынша директоры Әліпов Мәулен және осы ұйымдардың жауапты қызметкерлері  бас қосты.

Әкімдік өкілдері соңғы жылдары Алматы қаласы көшелеріндегі қоғамдық көлік жолақтары мен тоқтау сызығындағы жол сораптары мәселе тудырып отырғандығын тілге тиек етті.

Кездесу барысында институт басшысы профессор Б.Телтаев бұл мәселені ғылыми жолмен  зерттеулерге сүйене отырып, инновациялық шешім шығаруға болатындығын, оған институттың техникалық базасы да, ғалым мамандары да, бұған дейін жолға қойылған жаңа технологиялары да негіз бола алатындығын жеткізді. Профессор Б.Телтаев сөзінің дәлелі ретінде әкімшілік өкілдеріне институт зертханасын көрсетіп, соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстары мен тәжрибесімен бөлісті.

Институт мамандары осыған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтау қаласы жолдарының   сандық жүйесін  жасағандарын, Қарағанды қаласы жолдары қолға алынып, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына ұсыныс жібергендерін  алға тартып, ұсынылым көрсетті.

Үш жақты кездесу нәтижесінде тараптар бірлесе  жұмыс істеп, қала көшелеріндегі жол мәселелерін жұмыла шешуді ұйғарды.

Қонақтар 61 жыл тәжрибесі бар институттың әлеуеті кең екенін, жол саласындағы қандай ғылыми зерттеу болса да сеніп тапсыруға болатындығына көз жеткізіп қайтты.

 


Біздің серіктестер