Басқы бет → БАҚ біз туралы → 718 ШАҚЫРЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЗЕРТТЕЛДІ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

718 ШАҚЫРЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЗЕРТТЕЛДІ.

19 маусым 2020

ҚазжолҒЗИ  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының нақты жағдайын аспаптық бағалау және оларға қауіпсіздік рейтингін беру жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Алматы облысында автомобиль жолдары мен көпір құрылыстары департаментінің мамандары жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі таңда 718 шқ жолға аспаптық сараптама жасалып, нәтижелері көрсетілген есептер дайындалуда.

Осы бағытта ҚазжолҒЗИ келесі жұмыс түрлері бойынша диагностика жүргізуде:

- автомобиль жолдарының жекелеген параметрлерінің нормативтік талаптарға сәйкестігін сараптау және бағалау (келісімшарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес);
- жөндеу жұмыстарын жүргізу шараларының негіздемесі мен мақсаты.

Атқарылып жатқан жұмыстардың мақсаты – тексеріліп жатқан  жолдардың көліктік-пайдалану жағдайлары және жол қолданысының қазіргі қарқындылық талаптарына сәйкестік пен көліктік қозғалыс ағымының құрамына сай келетін деңгейі туралы ақпарат алу.
Жол диагностикасын жүргізуге заманауи аспаптармен кешенді жабдықталған - көп функционалды диагностикалық  «Dynatest»  жылжымалы зертханалық кешені мен «Регион» НПО аппараттық-бағдарламалық кешені қолданылады.

Жұмыс нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар ережелерін ескере отырып атқарылуда.

 

 

 


Біздің серіктестер