Басқы бет → БАҚ біз туралы → ТОПЫРАҚТЫ КЕШЕНДІ НЫҒАЙТУ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ТОПЫРАҚТЫ КЕШЕНДІ НЫҒАЙТУ

12 маусым 2020

Бүгінгі күнде жол құрылысы  көлемінің ұлғаюына байланысты,  топырақты нығайта отырып  жол салу    өзектілігі артып отыр. Сондықтан да, ҚазжолҒЗИ сынақ зертханасында жол-құрылыс материалдарына, соның ішінде топырақ пен негіз қабаттарын тұрақтандырғыштармен жан-жақты нығайту бойынша зерттеулер мен сынақтар үнемі жүргізіліп отырады.  Топырақ тұрақтандырғыштарын қолдана отырып нығайту - топырақтың қасиеттерін түбегейлі өзгертіп,  су мен аязға төзімділік беріп, күшейтеді.
Сонымен қатар, топырақ тұрақтандырғыштарын қолдану аз мөлшерде бейорганикалық байланыстырғыш көмегімен қажетті беріктік сипаттамаларын және аязға төзімділіктің қажетті көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.

ҚазжолҒЗИ –да  Gistrong  «GISTEX» (Германия) компаниясының  Gistrong,   «CanRostrade»  ЖШС (Канада) EarthZyme  тұрақтандырғыштарының тиімділігіне зертханалық зерттеулерді жүргізген болатын. Зертханалық егжей-тегжейлі зерттеу нәтижелері бойынша топырақты және негізгі материалдарды кешенді нығайтуда аталған  тұрақтандырғыштарды қолдану төмендегідей тиімділіктерге мүмкіндік  беретіні анықталды:

  •  Сығылу арқылы созылу күшінің мәнін 15-35% -ға, иілу арқылы түпкілікті беріктікті тек байланыстырғышпен өңделген материалмен салыстырғанда 25-50% -ға арттыру;
  •  Бейорганикалық байланыстырғыш материаладар шығынын   30 % до40% пайызға азайтады;
  •  Нығайтылған материал аязға төзімділік қасиетін арттырады.

Топырақты нығайту  –  бұл жол және аэродромдық жол төсемелерін салудың тиімді тәсілі болып табылады. Себебі,   жол жамылғысы  құрылымдық қабаттарын салу барысында  қымбат тас материалдарының орнына жергілікті материалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, нығайтылған топырақтың   су-жылу режиміне  едәуір төзімді болатындығы да анықталды. 


Біздің серіктестер