Басқы бет → БАҚ біз туралы → МАТЕРИАЛДАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫНАҚ ӘДІСТЕРІН ҮЙРЕТУ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

МАТЕРИАЛДАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫНАҚ ӘДІСТЕРІН ҮЙРЕТУ

13 наурыз 2020

2020 жылғы 19-21 ақпан  күндері «ҚазжолҒЗИ» АҚ оқыту орталығында «Асфальтбетон-1» ЖШС қызметкерлеріне «Тас материалдарының сапасын бақылау», «Битум және битум байланыстырғыштардың сапасын бақылау» және «Асфальтбетон қоспалары мен асфальтбетондардың сапасын бақылау» тақырыптары бойынша жеке курс жұмыстары жүргізілді. Оқыту бағдарламасына Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыста бар стандарттарға сәйкес материалдар, технологиялар және сапаны бақылау  бойынша  сынақ әдістерін оқытып-үйрету жұмыстары кірді.

2020 жылғы 11-13 наурыз  аралығында инженерлер мен техникалық жұмысшыларға арналған «Автомобиль жолдарын салу мен пайдаланудағы ең озық тәжірибелер мен жаңа технологиялар»  атты курстар  өткізілді. Оқыту бағдарламасында жол құрылысына, жолдарды жөндеуге және пайдалануға жаңа жол-құрылыс материалдары мен инновациялық технологияларды қолдану, сондай-ақ Кеден одағының «Жол қауіпсіздігі» техникалық регламенті шеңберіндегі стандарттау мәселелері қамтылды.

Курсқа мердігерлер, Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандары әкімдіктерінің  (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы) өкілдері қатысты.

 

 

 

 


Біздің серіктестер