Басқы бет → БАҚ біз туралы → АДГЕЗИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАР

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

АДГЕЗИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАР

14 ақпан 2020

Жол құрылысын жүргізуде, қолданылатын материалдардың маңызы зор. Құрылыс материалдарының төзімділігі мен қасиеттерінің сәйкестігі жол сапасын қамтасыз етеді. Мәселен, жол салуда пайдаланатын битумның шағыл таспен ілінісуі пайдаланылатын битумдардың адгезиялық қасиеттері мен минералды материалдардың минералогиялық құрамына байланысты болады. Жол құрылысында пайдаланылатын минералды материалдар әртүрлі жол төсемесіндегі беттік құрылымдармен және қышқылдық-негізгі қасиеттерімен анықталған минералогиялық құрамның әртүрлілігіне байланысты сипатталады. Минералды материалдың бұл қасиеттері тұтқырғыштың өзара әрекеттесуінің сипаты мен күшін анықтайды.
Негізі битум мен минералды материалдың белсенді компоненттерін араластырып қана қоймай, жақсы суландырса, химиялық өзара әрекеттесуі белсенді минералды материалмен берік ілінісуін қаматамасыз етеді. Бұл әдіс, жоғары сапалы асфальтбетонды алудың анықтаушы шарттарының бірі болып табылады. Жалпы жол құрылысында бұл мәселені шешу үшін минералды материалдың бетінде адсорбциялық және хемосорбциялық процестердің күшеюіне ықпал ететін, беттік-белсенді қасиеттері бар адгезиялық қоспаларды қолданамыз.
Соңғы жылдары «ҚазжолҒЗИ» АҚ бастамасымен жол құрылысы саласында тек қана адгезиялық қоспалары бар асфальтбетон  өнімдері («Амдор-9», «Амдор-10», «Амдор-12» «Адгезол» (РФ өндірілген), «AlfaDob» (Қазақстан), «STARDOPE® 130P» (Италия),  «WETFIX BE» (Щвеция), ДАД М, ДАД-К премиум, ДАД КТ) қолданылуда (1-сурет).

      

1-сурет -  AlfaDob және WETFIX BE, АДГЕЗОЛ адгезиялық қоспалар

Адгезиялық қоспаларды пайдалану тиімділігін зерттеу бойынша «ҚазжолҒЗИ» мамандары техникалық бағалау  ғана емес, сондай-ақ жоғары температураларға төзімділігі мен олардың белсенділігін 130 °С-тан 150 °С-қа дейінгі жоғары жұмыс температурасы кезінде сақтауға болатындығын анықтады. Яғни, біздің зерттеуіміз бойынша «WETFIX BE» және «AlfaDob», «Адгезол», «Амдор-9», «Амдор-12» адгезиялық қоспалар битумның температурасы 150 °С болғанда битумның құрамында 5 тәулік бойы өзінің белсенділігін сақтап тұратындығына көз жеткіздік.
Битум құрамындағы адгезиялық қоспалардың белсенділігі битумның тозуы кезінде анықталды. Асфальтбетонды қоспаны дайындау және тасымалдау процесінде битумның тозуын  ҚР СТ 1224 сәйкес RTFOT пешінде қыздырып модельдейді.
Алынған зерттеу нәтижелері аталған қоспалар  битуммен араласып, ұзақ  уақыт бойы  сумен қанықса -  асфальтбетонның суға төзімділігін арттыратындығын көрсетті.
Жалпы адгезиялық қоспалар битуминозды қоспалардың (негізінен асфальтбетон құрамында) бөлігі ретінде, битумның тас материалымен жабысқақтығын  жақсарту үшін қолданылады. Олардың асфальт құрамында болуы битум мен инертті материалдар арасындағы ең жақсы ілінісу қасиетін жоғарылатып, дайын өнімнің деформацияға ұшырауын азайтады.


 

 

 

 


Біздің серіктестер