Басқы бет → БАҚ біз туралы → «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ-ДАҒЫ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

«ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ-ДАҒЫ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

13 қаңтар 2020

 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша,  2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағында автожол саласында қолданысқа ие  4 ведомстволық нормативтік-техникалық құжат әзірленді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бұйрығы бойынша 2019 жылы:

  •  ҚР Ұ 218-145-2019 Жол құрылысында модифицирленген күкіртті қолдану бойынша  (тәжірибелі бөліктер салу үшін);
  •  ҚР Ұ 218-155-2019 Автожол көпірлерін жөндеуде және қорғауда арнайы материалдарды қолдану бойынша;
  •  ҚР Ұ 218-156-2019 Жол құрылысында Қазақстан Республикасында шығарылған белсенді резеңке үгіндіні қолдану бойынша;
  •  ҚР Ұ 218-157-2019 Цементбетон жамылғыларын «Строп-М» арнайы сіңіргіш-қорғаныш құрамымен өңдеу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Өткен жылы институт мамандары 800 шақырымнан астам автомобиль жолдарын диагностикалау мен төлқұжаттаудан өткізді. Оның ішінде 725 шақырымы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесіне тисе, 83 шақырымы Семей қаласы жолдарын цирфландыру және паспорттау болып табылады.

Былтыр 6 тәжірибелі телім салынып, оның ішінде 3 телім - «SBS T 6302 L», «SBS LG 501 S» полимерлері бар ШМА полимерін, 1 телім - Geen Crete күкіртасфальтбетонын, 1 телім - УМР-2П әмбебап жөндеу материалын, 1 телім – ПМА-10 кеуекті-мастикалық асфальтбетонды қолданып салынған болатын. Сонымен қатар, барлық келіп түскен  материалдарды технологиялық бақылау мақсатында 482 зертханалық сынақ жүргізілді. Жол-құрылыс материалдарының тәуелсіз сынақ сараптамалары «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның метрологиялық аттестациядан өткен, аккредитация талаптарына сай тексеруден өткен, заманауи жабдықталған зертханаларында өтеді.


Біздің серіктестер