Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚЫРҒЫЗСТАН ЖОЛШЫЛАРЫМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚЫРҒЫЗСТАН ЖОЛШЫЛАРЫМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

24 желтоқсан 2019

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігінен қырғызстандық жолшы-әріптестермен біздің институт аумағында  екіжақты кездесу өткізу мүмкіндігі туралы хат алған болатын.
Осыған орай, бүгін  бізге Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігі өкілдері, атап айтсақ: активтерді басқару бөлімінің жетекші маманы Темірбек Қыдырмышев пен  «Өндірістік-инновациялық орталық»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері келді.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасында  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын диагностикалау мен төлқұжаттау белсенді жүргізілуде.  Сонымен қатар жол активтерін басқару жүйесі (ЖАБЖ) бойынша да жұмыстар қолға алынып,  Азия даму банкінің қолдауымен  жүзеге асырылуда.
Осы орайда, қырғызстандық әріптестер «ҚазжолҒЗИ» АҚ тәжірибесін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарындағы  техникалық есепке алу, диагностика және төлқұжаттау бағдарламасының жұмыс істеу барысымен танысып, тәжрибе жинақтамақшы.

2017-2018 жылдары «ҚазжолҒЗИ» АҚ үш жылдық бағдарлама аясында (2016-2018 жж.) Шығыс Қазақстан, Ақмола,  Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша жалпы ұзындығы 5,118 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына диагностика және төлқұжаттау жұмыстарын жүргізген болатын.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері әріптестеріне жолдарды сертификаттау мен диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыздандырылған жылжымалы жол зертханаларының жұмыс істеу барысын көрсетті. Жылжымалы зертхана жолдың егжей-тегжейлі диагностикасын жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше модульден тұрады. Кешенді түрде  жол беткейінің, жол жиегінің және жолдың орналасу элементтерінің ағынды бейнелерін түсіруге арналған бейнекамераларының жұмысы мен қызметі, тағы да басқа техникалық жұмыс барысы нақты көрсетілді.
Кездесу нәтижесінде тараптар өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы сөз алысты.

 


Біздің серіктестер