Басқы бет → БАҚ біз туралы → «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ-ДА КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

«ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ-ДА КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ.

19 желтоқсан 2019

19.19.2019 ж. «ҚазжолҒЗИ» АҚ Кембридж университетінің өкілдері - профессор  Siddharth Shanker Saxena, доктор  Chоkan Laumulin  және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізгі зерттеулер институтының директоры, ф.-м.ғ.д Асқар Арынғазиннің қатысуымен семинар өтті. 
«ҚазжолҒЗИ» АҚ келген қонақтарға автожол саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерін көрсетті.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті, т.ғ.д., профессор Бағдат Телтаев қонақтарға институттың стационарлық және сынақ зертханаларын; битумды, асфальтбетонды және топырақты сынауға арналған жаңа құралдар мен жабдықтарды; бағдарламалық қамтамасыздандырылған, жолдардың жағдайын зерттеуге, одан алынған мәліметтерді нақты уақыт режимінде беруге мүмкіндік беретін жолдарды диагностикалау және төлқұжаттауға арналған көпфункционалды жылжымалы зертханаларды  аралатып көрсетті.
Сонымен қатар, асфальтбетонның тозу төзімділігін, асфальтбетонның тоттану тұрақтылығын сынау мен анықтауға арналған қондырғылардың, институт мамандары  ойлап тауып, құрастырған жаңа қондырғылар мен зерттеу құралдарының жұмысы көрсетілді.
Кездесу барысында қонақтарға егжей-тегжейлі көрсетілген жаңа жабдықтардың ішінде асфальтбетонның төменгі температуралық тұрақтылығын анықтауға арналған жаңа жабдықтар да бар, бұл —  сыну мен шытынауды анықтайтын   сынақ қабырғасы  бар климаттық камера. Ол жабдық асфальтбетонның әр түрлі температурадағы әрекетін зерттеуге арналған.
Бүгінде институт зертханасының жұмыс нәтижелері асфальт қоспасын таңдау әдістемесі бойынша пайдалану сипаттамаларын, климаттық факторларды және экономикалық көрсеткіштер мен аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жол құрылысын жобалау бойынша жаңа ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Зертханаларды аралап болған соң, институттың ғылыми кеңес залында ғалымдар арасында  пікір алмасулар өтті.
Кездесу нәтижесінде екі жақ  алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы уағдаласты. Профессор Siddharth Shanker Saxena профессор Бағдат Телтаев пен институт қызметкерлерін Кембридж университеті мен Кавендиш зертханасын келіп, көруге шақырды.

Кездесуге «ҚазжолҒЗИ» АҚ профессорлары, ғылыми қызметкерлері, зерттеушілер мен жас ғалымдары да қатысты.

Анықтама үшін:

Кембридж университеті - University of Cambridge  Ұлыбританиядағы ең беделді университеттердің бірі және Оксфордтан кейінгі жеті «ежелгі университеттердің» екіншісі. Кембридж Гарвард және Стэнфорд университеттерімен қатар беделді халықаралық рейтингте жетекші орындардың бірінде.


Біздің серіктестер