Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚАЗЖОЛҒЗИ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МОНОГРАФИЯСЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛА ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚАЗЖОЛҒЗИ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МОНОГРАФИЯСЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛА ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

21 қараша 2019

Ұлттық инновациялық байқаудың «Баспасөз басылымдарында жаңашыл тақырыпта жарияланған ең үздік орыс тіліндегі материал» аталымында «Битумның тұтқыр серпімді сипаттамалары және олар­ды стандартты көр­сеткіштер бойынша баға­лау» атты монография туралы мақала үздік деп танылды.

Өз мақаласында «Транзит KZ» республикалық журналының тілшісі Алмагүл Кенжебекова техникалық ғылымдардың докторы, профессор Борис Радовский мен ҚазжолҒЗИ президенті, техникалық ғылымдардың доткторы, профессор Бағдат Телтаевтың еңбегі туралы баяндады.

Жаңашыл идеяларды қолдауға бағытталған биылғы байқауға 287 өтінім  түскен. Республикалық «Транзит KZ» журналында жарияланған Қазақстан мен АҚШ ғалым-зерттеушілерінің монографиясы туралы мақала қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Монографияда әр түрлі сынақ режимдерінде анықталатын жол битумдарының әр түрлі тұтқыр-шеңберлі сипаттамалары арасындағы байланысты сипаттайтын белгілі және жаңа тәуелділіктер жайлы ақпарат берілген. Бұдан бөлек, ғалымдар деформациялану кезінде битум модулінің мәнін бағалауға мүмкіндік беретін шамаланған формуланы келтірген.

«Springer Nature» баспасы шығарған монография ғалымдар мен зерттеушілер арасында үлкен сұранысқа ие. Springer Nature баспасында әлемнің жетекші ғалымдары мен Нобель сыйлығы лауреаттарының туындылары жарияланатындығын айта кету керек. Баспаның барлық журналдары мен кітаптары рецензияланып, жоғары ғылыми беделге ие.

 

Дереккөзі: http://roads.miid.gov.kz/kk/news/kazzholgzi-prezidentinin-monografiyasy-turaly-makala-ulttyk-innovaciyalyk-baykaudyn-bas


Біздің серіктестер