Басқы бет → БАҚ біз туралы → КАНАДАЛЫҚ «CANROS» КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАР

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

КАНАДАЛЫҚ «CANROS» КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАР

7 қараша 2019

Жақында Ақтөбе облысында «ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері (жетекші инженер Н.Б. Елшібаев, инженер Абдрахманова Г.А.),  «Ақтөбе облысының автомобиль жолдары мен  жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (өкілі М. Ибраимов), РМК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  Ақтөбе облыстық филиалы (жетекшісі Қарынбаев Қ.Н.), сондай-ақ, канадалық  «Canros» компаниясының өкілі (президент Тарасов Ю.В.), Канадада жасалған  «Eatthzyme»  иондық тұрақтандырғыштың көмегімен топырақтың күшейтілген қоспасы құрамын іріктеп алған болатын.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ-да жұмыс сапарының  аяқталуына байланысты, күшейтілген топырақ қоспасын қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында «Eatthzyme»  стабилизаторын зертханада зерттеуді талқылаған жиналыс болды.

Жиналыс  нәтижесі бойынша «Eatthzyme»   топырақ тұрақтандырғышын қолданып және қолданбай  CBR топырағының көтергіштігін анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізу туралы шешім қабылданды.


Біздің серіктестер