Басқы бет → БАҚ біз туралы → ХАБАРЛАМА!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ХАБАРЛАМА!

31 қазан 2019

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында жол құрылысының Кәсіби  стандарттарын әзірледі. Кәсіби стандарттардың мазмұны сала ұйымдары мен жол саласы кәсіпорындарының, яғни жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескереді. Кәсіби стандарттар болашақта жол саласы мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола отырып, білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді.
2019 жылғы 17 қыркүйекте сала ұйымдары, кәсіпорындар және автожол бағытындағы оқу орындарының қатысуымен «Жолдар мен автомагистральдар құрылысы» және «Көпірлер мен тунельдер құрылысы» Кәсіби стандарттарына қосу үшін мамандықтардың (лауазымдардың) тізбесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Атқарылған жұмыстар негізінде мемлекеттік ұйымдар, жол саласының жол-құрылыс және жобалау ұйымдары тарапынан жолдарды, көпірлерді және тунельдерді салуға арналған мамандықтардың (лауазымдардың) тізбесі анықталды.

Арнайы жұмыс тобы құрылып, институттың ғалымдары мен мамандары аталған кәсіби стандарттарды әзірлеп шықты.
Дайындалған кәсіби стандарттармен қажет  ұйымдардың танысуы үшін институт сайтында жариялап отырмыз. Сіздер жіберген  ескертулер мен ұсыныстар аталған стандарттарды түзету кезінде ескерілетін болады.

Кәсіби стандарттар бойынша өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды aydarbekov_kazdornii@mail.ru поштасына, 8(727)246-33-73  жұмыс тел., 87772519977 ұялы тел., байланыс құралдарына жолдауларыңызды сұраймыз.


Біздің серіктестер