Басқы бет → БАҚ біз туралы → СТУДЕНТТЕР СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕЛДІ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕЛДІ

22 қазан 2019

Бүгін ҚазККА «Көлік техникасы және құрылыс» факультетінің 3 курс студенттері «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ң сынақ зертханасында болды.  Институтымыздың жол құрылымдары және материалдар департаментінің директоры Г.В.Назаренко студенттерді материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауға арналған құралдармен және шұңқырларды, жарықшақтарға төзімділікті, серпімді модульді, топырақтың механикалық қасиеттерін анықтайтын заманауи жабдықтармен таныстырды.
Студенттерді зертхана жұмысымен таныстыруға  «Көлік құрылысы» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., ассистент профессор А.А.Өтешбаева ертіп келді.


Біздің серіктестер