Басқы бет → БАҚ біз туралы → ПИЗА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ALESSANDRO MARRADI МАРАПАТТАЛДЫ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ПИЗА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ALESSANDRO MARRADI МАРАПАТТАЛДЫ

21 қазан 2019

Пиза университетінің (Италия) азаматтық және өнеркәсіптік инженерия кафедрасының профессоры, Dynatest компаниясының  бірінші вице-президенті (Дания) Алессандро Маррадиге институт Ғылыми кеңесінің шешімімен «ҚазжолҒЗИ -  60 жыл» мерейтойлық медалі берілген болатын. Ол бұл қуанышын Пиза университетінің сайтында жариялапты.

Dynatest компаниясы өзінің FastFWD дефлоктометрі мен құрылғыларынана арналған жаңа қосымшаға  пайдаланылатын,  мәліметтерді өңдеуге бағытталған  бағдарламалық жасақтама жасап шыққан болатын.  Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтынің жылжымалы  зертханасы  Dynatest компаниясының мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламасымен жұмыс істейді. Доктор Алессандро Марради жыл сайын «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да болып,  осы жабдықтың жұмысы туралы кеңес береді.

Анықтама үшін:

Пиза университеті -  1343 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған  Еуропадағы ең ежелгі университеттердің бірі . Университеттің танымал студенттерінің ішінде сол жердің тумасы Галилео Галилей де болған.
Dynatest - консалтингтік қызметтер және жол құрылысына арналған жабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания жамылғыларды төсеу саласындағы озық технологияларды үнемі жетілдіріп отыратын жабдықтарды ұсынады.


Біздің серіктестер