Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚАЗАҚ ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ТУР.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚ ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ТУР.

4 қазан 2019

Қазақ жол ғылыми-зерттеу институтының  60 жылдық мерейтойы аясында техникалық тур ұйымдастырдық.
Алматы қаласында Қазақ жол ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдық мерейтойына арналған «Жол құрылысының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған әлем жолшылары жиналған болатын.

Конференцияға қатысқан Қазақстандағы, ТМД және шет елдерден келген жол құрылысы саласының үздік мамандары мен ғалымдар «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскелеріне барып төлем қабылдау жүйесімен танысты.

Қонақтарға ақылы учаскелердегі төлем қабылдау жүйесінің механизмі таныстырылды.
Іс-шара барысында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зияткерлік көліктік жүйені пайдалану, заманауи материалдар мен технологияларды қолдану іспеттес өзекті тақырыптар талқыланды. Техникалық турдың соңында шетелдік қонақтар сала бойынша өз ұсыныстарымен және кеңестерімен бөлісті.


Біздің серіктестер