Басқы бет → БАҚ біз туралы → 2019 ЖЫЛҒЫ 2-4 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗЖОЛҒЗИ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТІП ЖАТЫР.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

2019 ЖЫЛҒЫ 2-4 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗЖОЛҒЗИ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТІП ЖАТЫР.

3 қазан 2019

Институттың 60 жылдығын атап өту аясында «Жол құрылысының өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға ҚР ИДМ Автомобиль жолдары Комитетінің, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, жобалау және мердігер компаниялар, жол ұйымдары, ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы мамандары, материалдар мен технологиялар өндірушілері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысты.
Ерекше атап өтуге лайықты, әлемге танымал шетелдік ғалымдар; Радовский Б. С., т.ғ. д., профессор, Radnat Consulting (АҚШ); Cesare Oliviero Rossi, Ph.D., профессор, Калабрия Университеті (Италия); Siddharth Saxena, Кембридж университетінің профессоры; Giuseppe Loprencipe, Ph.D., профессор, Рим университеті La Sapienza; Guido Bonin, Ph.D., профессор, Sapienza University of Rome қатысты.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуынша, жылжымалы зертханалық кешен заманауи компьютерлік, бейнетехникалық, ақпаратты жинау мен өңдеу құралдарымен жабдықталған. Аталған жылжымалы зертхана көмегімен 2013 жылдан бері 9081 шқ автомобиль жолы мен 545 көпір құрылыстарының диагностикасы жүргізілді, жалпы ұзындығы 10284 шқ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау жұмыстары атқарылды.
«Посткеңестік елдердегі жолдарды жобалау тәсілдері 50 жылдан астам жаңартылмаған, сондықтан қолданыстағы нормаларды жетілдіру қажет деп  шештік. ҚазжолҒЗИ осы жұмысқа белсенді қатысып келеді. 2002 жылы институт ТМД бойынша бірінші болып,  отандық стандарттарды шетелдік стандарттармен үйлестіру мәселесін шешуге кірісті. Қазіргі уақытта 116 ұлттық стандарт әзірленіп, үйлестірілген. «Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес 5 Техникалық регламент әзірленді. 2014-2015 жылдар аралығында кеден одағының 11 мемлекетаралық стандарты дайындалды. Институт осы уақытқа дейін 870-тен астам нормативтік құжаттар әзірледі және қайта өңдеді», - деп атап өтті Бағдат Телтаев.

 

 


Біздің серіктестер