Басқы бет → БАҚ біз туралы → СПОРТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

СПОРТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

25 қыркүйек 2019

«СТК Sokol» ЖШС мен «ҚазжолҒЗИ» АҚ арасындағы  жасалған келісім-шартқа сәйкес, тамыз айының басынан бастап «Автодром» спорттық-техникалық кешенінің жарыс жолын салу кезіндегі ғылыми-техникалық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.  «Автодром»  құрылысы нысаны Алматы облысы, Іле ауданы, «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 76-шы шақырымында орналасқан.
Жарыс жолының ерекшеліктері мен қиындықтарына байланысты, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде  болашақ жарысқа қатысушылардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қатаң талаптар қойылады.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары ұлттық және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес пайдаланылатын материалдардың сапасын, сонымен қатар жұмыс барысында жарыс жолының жамылғы бетінің тегістігі мен беріктігін қатаң қадағалауда.
25 қыркүйекте «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары жолдың жарыс өтетін  бөлігінің эксплуатациялық көрсеткіштерін (тегістігі, кемшіліктері, кедір-бұдырлығы және т.б.) өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Біркелкілік пен тегістікті  өлшеу жұмыстары жарыс жолының геометриялық параметрлерін жинауда дәл өлшемдер  беретін MFV Dynatest (Дания) арнайы көп диагностикалық жылжымалы зертхана көмегімен жүргізілді.

 


Біздің серіктестер