Басқы бет → БАҚ біз туралы → ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА КӘСІБИ СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА КӘСІБИ СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

17 қыркүйек 2019

 «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол құрылысына Кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселелерін талқылау бойынша салалық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Талқылауға «Асфальтобетон-1» ЖШС, Л.Б. Гончаров атындағы «ҚазАЖИ», Алматы автомобиль-жол колледжі, «Сапаинжиниринг» ЖШС, «ТЕКА-Проект» ЖШС басшылары, «ҚазжолҒЗИ»АҚ басшылары, департамент директорлары, бөлім бастықтары, ғылыми қызметкерлері мен мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді институт президенті т. ғ. д., профессор Телтаев Б. Б. Ашып, нақты жол саласы бойынша әзірленетін Кәсіби стандарттардың маңыздылығы туралы айтып өтті.  ҰҚЖ сәйкес лазуазымдар мен атаулар мамандықтар тізбесімен  таныстырды. Сонымен қатар, жағдайды пайдалана отырып, дөңгелек үстелге қатысушыларды институттың 60 жылдығына арналған «Жол құрылысының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырды.

Дөңгелек үстелде жоба жетекшісі, стандарттау және ақпарат департаментінің директоры Е. Қ. Айдарбеков сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында кәсіби стандарттар әзірленіп жатқанын жеткізді. Кәсіби стандарттардың мазмұны сала ұйымдары мен жол саласы кәсіпорындарының, яғни жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескереді. КС болашақта жол саласының мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола отырып, білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етпек. Осыған байланысты, жұмыс берушілер пікірінің маңызы зор, сондықтан сала ұйымдарына штаттық кестеге сәйкес кәсіптер мен лауазым атауларын, сондай-ақ олардың «Жолдар мен автомагистральдар құрылысы» және «Көпірлер мен туннельдер құрылысы» мамандықтары бойынша КС қосу  қажет  мамандықтар тізбесін анықтау үшін функционалдық міндеттерін ұсыну хаты жолданды.  Қатысушылар КС әзірлеу бойынша қадамдық жұмыс жоспарымен, сондай-ақ КС келісу шарасымен таныстырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР жол құрылысы бойынша ұлттық біліктілік жүйесіне, яғни кәсіптер (лауазымдар) тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және осы өзгерістер мен толықтыруларды ірі құрылыс ұйымдары және мердігерлермен келісу жөнінде хаттамалық шешім қабылдады.


Біздің серіктестер