Басқы бет → БАҚ біз туралы → НАНОТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

НАНОТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

5 қыркүйек 2019

05.09.2019 ж. «ҚазжолҒЗИ» АҚ-на Канаданың «NTI Nanotechnology»  корпорациясының президенті Райнер Маас арнайы ат басын бұрды. Ол өз компаниясының жол құрылысында қолданылатын өнімдерін ұсына келген. Аталған корпорация нанотехнология саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания атынан Райнер Маас «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен белсенді ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

Институт қызметкерлері келген қонаққа өздерінің сынақ зертханасын аралап көруді ұсынды. Райнер Маас «ҚазжолҒЗИ» АҚ зертханасын аралап шығып, оның заманауи жабдықтармен жабдықталғанын, әлемдегі көптеген зертханаларда мұндай зерттеу құралдарының бола бермейтінін, осыған байланысты нанотехнологиялар мен жол саласы саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту қажет екендігін атап өтті.
Өз кезегінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ басшылығы қазіргі уақытта Қазақстанда жол құрылысында нанотехнологияны дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді.


Біздің серіктестер