Басқы бет → БАҚ біз туралы → ЖЕТІБАЙ-ЖАҢАӨЗЕН-КЕНДІРЛІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНДА ТӘЖРИБЕЛІК УЧАСКЕ САЛЫНДЫ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ЖЕТІБАЙ-ЖАҢАӨЗЕН-КЕНДІРЛІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНДА ТӘЖРИБЕЛІК УЧАСКЕ САЛЫНДЫ

22 шілде 2019

22 - 25 шілде аралығында полимерлі модификацияланған битумдарды пайдалану тиімділігін анықтау үшін Түрікменстан Республикасы бағытындағы автомобиль жолының Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі 0-35 шқ учаскесінде қайта жаңарту  жұмыстарына шағыл тасты мастикалық полимерасфальтбетон төсемінің (ЩМА-15) жоғарғы қабатына тәжірибелік учаскелер салынды. Жұмыстың мақсаты  - «SBS T 6302 L», «SBS L 30-01», «SBS LG 501 S» полимерлерімен модификацияланған битумды қолдану тиімділігін анықтау:

  •  «SBS Т 6302 L» модификаторында -  ПК 341– ПК344+20 (320 м)
  •  «СБС Л 30-01» модификаторында  - ПК 332+75– ПК336+15 (340 м).
  •  «SBS LG 501 S» модификаторында   - ПК 321+30 – ПК 325 ( 370 м).

 Жамылғы төсеу  бойынша жұмыстарды орындаушы мердігер ұйым - «Ақ жол құрылыс» ЖШС. Жоғарыда аталған полимерлермен модификацияланған битум сапасына техникалық қолдау көрсету жұмыстарын «Caspi Bitum» БК» ЖШС, « Ақ жол құрылыс»  ЖШС өкілдерімен бірге «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары бөлімінің бастығы Е.Д.Амирбаев жүргізді. 
Тәжрибе негізінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге жақсартылған сапаға арналған жабысқақ байланыстырғышты  қолдану нәтижесінде  полимерлермен модификацияланған битумдарды «СБС Л 30-01», «SBS T 6302 L», «SBS LG 501 S») қолдану, жоспарлы және  мерзімді күрделі жөндеу кезінде  жоғары өнімділікті сақтай отырып, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады деген болжам күтілуде.

   


Біздің серіктестер