Басқы бет → БАҚ біз туралы → СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КІРЕ БЕРІС ЖОЛДАРДЫ ТӨЛҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ БОЙЫНША ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КІРЕ БЕРІС ЖОЛДАРДЫ ТӨЛҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ БОЙЫНША ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

11 шілде 2019

02-11.07.2019 ж «ҚазжолҒЗИ» АҚ Семей қаласындағы кіре беріс жолдарды төлқұжаттау және түгендеу бойынша дала жұмыстарын жүргізді. Тапсырыс беруші - «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі. Түгендеу жұмыстары жүргізілген автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 80 шқ құрайды.

Барлық жұмыстар жолдарды төлқұжаттауға арналған арнайы бағдарламамен жасақталған жылжымалы зертхана арқылы жүзеге асырылды. Жұмыс барысында  «ҚазжолҒЗИ» АҚ инженерлері «Жалпы пайдаланылымдағы автомобиль жолдарын төлқұжаттау бойынша нұсқаулық» ҚР ЕР 2018-28-2016 құжатын басшылыққа ала отырып, жұмыс атқарды.

Сонымен қатар, - 31құбырға, - 4 кішігірім көпірге, басқа да  жасанды құрылымдарға зерттеу жүргізілді.
Бүгінгі күні камералық өңдеу, деректерді жинақтау мен есептерді дайындау жұмыстары жүргізілуде.

 


Біздің серіктестер