Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Директорлар → Назаренко Галина Викторовна

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Назаренко Галина Викторовна

Жол құрылымдары және материалдар департаментінің директоры
 

1964 жылы Өзбекстандағы Ахангаран қаласында туған, 1968 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тұрғыны. 1981 - 1984 жылдары Қостанай автомобиль көлігі техникумын «Автомобиль жолдары құрылысы» мамандығы бойынша үздік бітірді, 1984 - 1990 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтын  «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірді.
 

Мансабы

04.1984 - 01.1991 жылға дейін №3  құрылыс механикаландыру басқармасы (1990 жылдан бастап «Афдан» АҚ болып өзгертілді, алдымен «Дорстроймеханизация» тресі, кейінірек «Прикаспийсккирдорстрой» тресі болып өзгертілді) - №8 учаске шебері, жобалау тобының инженері, жұмыс сапасы тобының жетекші инженері болып жұмыс істеді.

01.1992 - 07.1996 жылдар аралығында Алматы автомобиль-жол институтында  өндірістік тәжірибе жетекшісі, одан кейін осы бөлімнің бастығы болды.

07.1996-09.2007 жылдар аралығында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында өндірістік тәжрибе жетекшісі, келісімшарттар бойынша жетекші маман, өндірістік оқыту шебері, «Автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану», «Автомобиль жолдары», «Көлік құралдарының құрылысы» кафедралары зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.

10.2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-да жұмыс істейді.

Жол құрылыс материалдары бөлімінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкер және «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғылыми хатшысы (10.2007-08.2019) болды.

12.08.2019 жылдан бастап - жол құрылымдары мен материалдар департаментінің директоры. «ҚазжолҒЗИ» АҚ-дағы жұмыс өтілі - 11 жыл.


Марапаттары

  • Құрылысшылар күніне арналған Көлік және коммуникация министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған (2014 ж).
  • Ғылымға қосқан үлесі үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 55 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды (2014 ж).
  • «Табиғатты дамыту, ресурстарды үнемдеу және қауіпсіз технологиялар» номинациясы бойынша Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының 2-дәрежелі лауреаты дипломымен марапатталды (2017ж).
  • Ғылымға қосқан үлесі үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды (2019ж).
  • Қазақстандағы жол саласы ғылымына қосқан үлесі үшін Л.Б.Гончаров медалімен марапатталды.
     

Жол құрылымдары және материалдар департаменті

Жол құрылымдары және материалдар департаментінің құрылымына жол-құрылыс материалдары, аккредиттелген сынақ зертханасы мен жол құрылымдары бөлімдері жатады.

Департаментте  маман 17 қызмет атқарады, олардың ішінде 8 адамның жол саласындағы жұмыс өтілі 10 жылдан асады.

Департаменттің негізгі міндеті құрылымдардың сапасын арттыру мен ұзақ мерзімді ету мақсатында жол-құрылыс материалдары мен топырақтардың сапасын жақсарту.

Департамент мамандары жол материалдары құрамдарын жетілдіруге бағытталған зерттеулермен, асфальтбетон мен цементбетондағы  ақаулардың ерте пайда болу себептерін сараптаумен  айналысады.


Департамент келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
 

- инновациялық технологиялар мен нақты материалдар қасиеттерін зерттеудің озық әдістерін қолдана отырып жол-құрылыс материалдарының сапасын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ұлттық стандарттар, мемлекетаралық стандарттар мен халықаралық стандарттар әдістері бойынша  жол-құрылыс материалдарын сынау (ұсақ тас, ұсақ тас қоспалары, шағыл тасты-құмды қоспалар, топырақтар, минералды ұнтақ, битум, битум эмульсиялары, битум шайырлары, асфальтбетон қоспалары, асфальтбетон, геосинтетикалық материалдар, цемент және басқа да органикалық емес тұтқырлар);
- құрылыс аймағының ауа райы шарттарын есепке ала отырып асфальтбетондардың, ұсақ тасты-шайырлардың, құйылмалы  эмульсиялардың, полимербитумды тұтқырлардың, шайырлардың, битум эмульсияларының құрамын іріктеу және автомобиль жолдарының негізі мен жамылғыларын салудағы өндірістік қалдықтарды қолдана отырып цементбетондарды, тұтқырлар мен органоминералды қоспаларды іріктеу және сынау;
- автомобиль жолдарын салу мен жөндеуде қолданылатын битумдар мен цементтердің сапасын бақылау;
- аккредиттеу саласына сәйкес жол-құрылыс материалдарын сертификаттап сынау;
- жаңа материалдарды енгізуде ғылыми-техникалық сүйемелдеу (зертханалық сынау, тәжірибе  жұмыстарынан бастап, нормативтік құжаттарды әзірлегенге дейін);
- нормативтік құжаттар мен техникалық регламенттерді әзірлеу, оларды халықаралық стандарттармен үйлестіру (мекеме стандарттары, ұлттық стандарттар, салалық ұсыныстар және технологиялық регламенттер);
- жол зертханасы қызметкерлерін «Жол-құрылыс материалдарын ұлттық, мемлекетаралық стандарттар бойынша сынау және жаңа технологиялар бойынша жол зертханасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша оқыту.

Біздің серіктестер