Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Директорлар → Андриади Фемистокл Константинович

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Андриади Фемистокл Константинович

Әкімшілік департаментінің директоры, көлік докторы, Халықаралық көлік академиясының академигі

1951 жылы Аджар АССР-і Грузияда дүниеге келген.

Ол өзінің еңбек жолын 1964 жылы бастаған, 1970 жылы Кеңес Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, 1972 жылы босатылды.

1973 жылы Ресейдің Омск қаласындағы Сібір автомобиль-жол институтына оқуға түсіп, 1978 жылы  «байланыс жолдары  инженері» мамандығы бойынша аяқтады.

1978 жылы ОдақҒЗИ Қазақ филиалына жөнелтіліп, инженер, ғылыми қызметкер, автомобиль жолдары мен аэродромдардардың жамылғыларын сынау стансасының бастығы, бас инженер, директордың орынбасары лауазымдарында болды.

2007-2013 жылдары вице-президент, қазіргі уақытта «ҚазжолҒЗИ» АҚ Әкімшілік департаментінің директоры.

Қазақстанның құрметті жолшысы.

2004 жылы Халықаралық көлік академиясы Төралқасының шешімімен оған ғылыми дәреже беріліп, көлік Докторы дипломы тапсырылды, Халықаралық көлік академиясының мүше-корреспонденті, Академигі. Бүгінгі таңда 9 қазақстандық жол құралдары (дүмпу өлшеуіш ТЭД-2М, ИВП-1, РК-2У, Просвет РК-1, Спектр, Спектр-2 төрткілдештері, ілінісуді анықтауға арналған ПКСК құралы, қаттылықты өлшейтін құрал ТК-1, еңіс өлшегіш-тығыздық өлшегіш УПК-2)  жақсартылды және әзірленді, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде қолданылып жүрген  5 құрал жаңадан жасалған.

Қазақстан Республикасы жол саласының бірінші кезектегі қажеттілігіне байланысты сериялы өндіріске арналған 5 диагностикалау құралдары мен жабдықтары жасалынды, жақсартылды және дайындалды, олар Астана қаласында өткен «Қазавтодор-2011» көрмесіне қойылған болатын. Олардың ішінде жол негіздері мен жамылғылрының тегістігін анықтауға арналған «Екі табанды төрткілдеуіш», байланыссыз материалдардың тығыздығын анықтауға арналған құрал «Құмды конус», жол жамылғыларының беріктігін бағалауға арналған қос түрлендіргіш «Иілімдікті өлшеуіш» («Прогибомер») және жол жамылғыларының бұдырлығын анықтауға арналған «Құмды дақ» («Песчаное пятно») құралдары бар.

Ғылыми зерттеулер негізінде 26 нормативтік-техникалық құжаттар әзірленіп, 95-тен астам ғылыми еңбектер жарық көрген болатын. Өнертапқыштыққа арналған 5 авторлық куәлік пен патенттер алынды. Өндіріске енгізілген әзірлемелер КСРО ХШЖК көрмесінде күміс медальмен  және Қазақ КСР ХШЖК бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Андриади Ф.К.өзінің 50-жылдан астам жұмыс өтілі барысында, оның ішінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ үзіліссіз 37-жылдың қызметі барысында еңбегі мен өнертапқыштық кызметі үшін көптеген марапаттарға ие. Үкіметтің құрмет грамотасымен марапатталған, «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» белгісіне бірнеше рет ие болған, «Құрметті жолшы» атағының иегері және Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясының қатысушысы. ХКА Төралқасының шешімімен «П.П.Мельников» медалімен , «Жолшылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің «Л.Б.Гончаров» медалімен, «Жол ғылымына қосқан үлесі үшін» медалімен  марапатталды.

Әкімшілік департаменті

Әкімшілік департаменті екі бөлімшеден тұрады: автокөлік паркі мен шаруашылық бөлімі. Департаментке жүктелген міндеттерден басқа ұжым ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мемлекетаралық және ведомстволық нормативтік-техникалық стандарттарды (МЕМСТ) әзірлеуге қатысады, автомобиль жолдарын салу және пайдалану саласындағы ғылыми әзірлемелерінің есесіне ҚР жол саласының мүдделерін қорғайды.

Бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері жол жамылғыларының құрылымдарын жобалау кезінде есепке алу үшін жол жамылғысы бетінің тоңу-еру айналымының санын анықтауға арналған құрылғылардың (датчиктердің) құрылымдары бойынша жұмыс істеп келеді. Құрылғы электр қуатын талап етпейді, жинақты және жамылғының бақыланатын теліміне  орнатуға болады. Есептеу мерзімі келгенде құрылғыдан бақыланатын көрсеткіш есептеп алынады. Оқшау жағдайдағы құрылғының қызмет ету мерзімі 5 жылдан кем емес.

Департамент үшін талап етілетін есептік жүктемені қабылдап алатын және температуралық ақауларды, жұқа қабаттылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беретін органикалық тұтқырларға арналған жол жамылғысы құрылымдарын әзірлеумен байланысты тапсырмалар қызығушылық тудырады. Осы мәселе бойынша  ғылыми зерттеулерге міндет қою үшін және тәжірибелі жұмыстар жүргізу үшін ғылыми болжам анықталып, ТМД елдерінің жетекші мамандарымен талқыланып жатыр.

Біздің серіктестер