Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Директорлар → Айдарбеков Есенбек Қыдырәліұлы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Айдарбеков Есенбек Қыдырәліұлы

Стандарттау және ақпараттар департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты

1954 жылы 18 наурызда туылған. 1982 жылы Мәскеу автомобиль-жол институтын (МАЖИ) жол қозғалысын ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша аяқтаған.

1982 жылдан 2002 жылға дейін Өскемен құрылыс-жол институтінің (қазіргі Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) «Жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасында көмекші, аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарды.

1983 жылдан 1984 жылға дейін МАЖИ-да ғылыми тағылымдамадан өтті.

2001 жылы Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ ғылыми кеңесінің шешімімен «Автомобиль көліктерін пайдалану» мамандығы бойынша доцент академиялық лауазымы берілді.

2002 жылдан 2007 жылға дейін «Автомобиль жолдары және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, ал 2007 жылдан 2012 жылға дейін Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінің оқу және ғылыми жұмыстар бойынша проректоры болып қызметтер атқарды.

2012 жылдан бастап Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры болып қосымша қызмет атқарады.

2013 жылдан бастап «ҚазжолҒЗИ» АҚ жетекші ғылыми қызметкер,

2014 жылдан бастап – стандарттау және ақпараттар департаментінің директоры.

2006 жылы «Жолдарды, аэродромдарды,метрополитендерді, көпірлер мен көлік туннельдерін жобалау және салу» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2011 жылы «Көлік» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағы берілді.

90-нан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар.

Марапаттары:

2014 жылдың 20 қазанында «Жол саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды;

2014 жылдың 20 қарашасында білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ДЕПАРТАМЕНТІ

Департаменттің негізгі қызмет түрлері:

  • автожол саласының нормативтік базасын жетілдіру бойынша:

- Қазақстан Республикасының жол саласының нормативтік-техникалық құжаттарының ғылыми-техникалық деңгейінің күйін талдау (қолданыстағы стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың заманауи даму деңгейіне сәйкес келуін анықтау мақсатында оларды тексеріп тұру, ескірген стандарттар мен басқа да нормативтік-құжаттарды жою немесе қайта қарастыру бойынша, жаңа құжаттарды халықаралық талаптарға сәйкес  (ұлттық стандарттар, ведомстволық ҒТҚ: ұсынымдар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.)   әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы жол саласы және онымен байланысты салаларда қолданылатын жыл сайынғы нормативтік-техникалық құжаттар Тізімін шығару;
- жол нормативтік-техникалық құжаттарды (мемлекетаралық стандарттарды (МЕМСТ), ұлттық стандарттарды (ҚР СТ), ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттарды (ҚР Ұ, ҚР ЕР) әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру;
- инновациялық ғылыми-техникалық  ілгерілеу мен Мемлекеттік Бағдарламалардың негізгі бағыттарын қорытындылап, автожол саласының барлық бағыттары (автомобиль жолдары мен жасанды имараттарды жобалау, салу, пайдалану, жол-құрылыс материалдары) бойынша Мемстандартқа стандарттау бойынша алдағы жылдар мен жылдық жоспарлардың жобаларына ұсыныстар әзірлеу;
- автожол саласы және онымен байланысты салалардың электронды толық мәтінді мәліметтер базасын әзірлеу және оны жүргізу арқылы нормативтік-техникалық құжаттарды жүйелеу бойынша қызметтер атқару;
- мемлекетаралық стандарттардың (МЕМСТ), ұлттық стандарттардың (ҚР СТ) сарапшылық тұжырымын іске асыруды ұйымдастыру және үйлестіру.

  • жол саласының қызметкерлерінің біліктіліктерін келесі бағыттар бойынша  арттыру:

- жол-құрылыс материалдары, соның ішінде материалдар мен жұмыстар сапасын қадағалау;
- автомобиль жолдарын салудың, жөндеудің және күтудің озық тәжірибесі және жаңа технологиялар;
- автомобиль жолдарын жөндеу және күту, оның ішінде автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күту;
- жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын атқару барысында жаңа техника мен механизмдерді енгізу;
- автомобиль жолдарын диагностикалау;
- автомобиль жолдарындағы көпір имараттарын басқару жүйесі;
- автомобиль жолдарын басқару: жобалаудағы, салудағы және пайдаланудағы заманауи технологиялар;
- жол саласындағы баға айналымы және сметалар.

  • ақпараттық қамтамасыз ету бойынша:

- институттың кітапхана қорын қалыптастыру, толықтыру және жаңарту;
- кестеге сәйкес «ҚазжолҒЗИ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік  журналына материалдар жинау және оның жарық көруін қамтамасыз ету;
- баспа қызметі (кішігірім баспахана);
- семинарларды, конференцияларды, форумдар мен көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
- институттың бөлімшелері мен жол мекемелерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
- институт сайтын актуалды дәрежеде ұстау.

Біздің серіктестер