Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Директорлар → Байбатыров Асхат Іңкәрбекұлы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Байбатыров Асхат Іңкәрбекұлы

Автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментінің директоры
 

1987 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Шелек ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылында орта мектепті бітірді.

2006 жылы профессор Рузудиновтың стоматологиялық колледжін «медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша бітірді.

2009 жылы  Қазақ қатынас жолдары университетін (ҚҚЖУ) «Автомобиль жолдары мен  аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша бітірді.

 2012 жылы  Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының магистратурасын «Көлік құрылысы»  мамандығы бойынша тәмамдады.

2017 жылы М.Х. Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2006 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың наурызы аралығында  «Медпром KZ» ЖШС-да  медициналық техниканы жөндеу бойынша электромеханик болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың маусымына дейін - «Медсервис Рихтер» ЖШС-нің №3 қоймасында жүк тиeуші болып істеді.

2008 жылдың маусымы мен 2012 жылдың қараша айы аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінде лаборант, инженер, бірінші санатты инженер қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қарашасынан 2020 жылдың наурызына дейін - «ҚазжолҒЗИ» АҚ диагностика және автомобиль жолдарын жобалау бөлімінің бас маманы болды.

2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментінің директоры лауазымына ие.
 

Марапаттары

  • Жемісті және адал жұмысы үшін және құрылысшылар күніне орай ҚазжолҒЗИ алғыс хаты  (2013);
  • Жол саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін және құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне байланысты  Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің алғыс хаты (2018 ж.);
  • Қазақстан Республикасы, мүше мемлекеттердің автомобиль жолдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Халықаралық көлік академиясының дипломы (2019);
  • Жол ғылымына қосқан үлесі үшін және «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 60-жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған (2019).
     

Автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаменті

«Автомобиль жолдары және көпір құрылымдары» департаменті «ҚазжолҒЗИ» АҚ жетекші бөлімдерінің бірі.

2013 жылдың 1 тамызынан бастап «ҚазжолҒЗИ» АҚ құрылымы қайта құрылғаннан кейін,  жаңадан құрылған автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментіне келесі бөлімдер енгізілді:
 

  • төлқұжаттау, диагностика және көпір құрылымдары бөлімі;
  • экономика және жол құрылысын ұйымдастыру бөлімі.
     

Департаменттің ғылыми құрамында 2 ғылым докторы, 3 техника ғылымдарының кандидаты, 1 докторант (PhD), 5 магистр және 1 магистрант бар. 2006 жылдан бастап жиналған білікті кадрлардың арқасында заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып, жетілдіруге және енгізуге арналған ғылыми-практикалық жұмыстардың жаңа қарқыны жолға қойылды. Автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментінде толыққанды  жұмыс атқаруға арналған:
 

  • екі көпфункционалды жылжымалы жол зертханасы (Dynatest) және (NPO Region);
  • жол құрылымдарының серпімділік модулін анықтауға арналған  динамикалық  жүктемені (FWD) орнату құрылғысы (Dynatest) мен жабдықтарының толық жиынтығы;
  • дөңгелектің жол төсеміне жабысуын өлшеу қондырғысы (Dynatest);
  • көпірлерді диагностикалауға арналған өлшеу жабдықтарының еуропалық жиынтығы;
  • жол жамылғыларының тегістігін бағалауға арналған құрылғылар (bumpintegrator FARNEL, Англия, MERLIN).
     

Жолдар мен көпірлерді диагностикалау және әртүрлі инженерлік мәселелерді шешу бойынша далалық жұмыстардың нәтижелерін өңдеуге арналған 18 бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі бар.

Диагностикалық тексеру ҚР ЕР 218-27-2014 «Автомобиль жолдарының көліктік және пайдалану жағдайын диагностикалау және бағалау жөніндегі нұсқаулық», ҚР ЕР 218-28-2016 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын төлқұжаттау жөніндегі нұсқаулық», ҚР ЕР 218-03-2016 «Жол жамылғыларының тегістігін бағалау жөніндегі нұсқаулық», ҚР ЕР 218-04-2014  «Автомобиль жолдарындағы қозғалыс ағыны қарқындылығын есепке алу және болжау жөніндегі нұсқаулық» құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Негізгі параметрлер мыналар: жол төсемі жағдайларын,  жер асты суын әкету жүйелерінің жай-күйін көзбен шолып  бағалау; жол төсемелерінің беріктігін аспаптық бағалау; жол жамылғысының тегістігін бағалау; көлік ағыны қарқындылығы мен құрамы бойынша есепке алу деректері; көлденең профильдің геометриялық параметрлері туралы ақпарат; әр су өткелдері мен құрылғыларына кәртішке жасай отырып, су өткізу жүйесін тексеру нәтижелері. Көпір өткелдерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру көлемін жоспарлауға мүмкіндік беретін көпірді басқару жүйесін дамыта отырып, көпір құрылымдары диагностикасы.

Департамент республикалық маңызы бар және жалпы қолданыстағы тас жолдар мен жасанды құрылымдарды диагностикалау жүйесін құрды.

Жолдың көліктік-эксплуатациялық жағдайы оның тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын жолдың техникалық деңгейі мен пайдалану күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен бағаланады.

Автомобиль жолдарының жүйелі диагностикасы мен құрылым сараптамасы автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану жағдайы туралы мәліметтер базасын толықтыруға және жаңартуға, сондай-ақ  жолдарды күтіп ұстау кешендерінің техникалық жағдайын жақсартуға,  жолдарды жөндеудің келесі бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолы жеке параметрлерінің нормативтік талаптарына сәйкестігін диагностикалау және бағалау автомобиль жолдары жай-күйінің  өзгеру динамикасын бақылау, осы өзгерісті болжау және жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарын жоспарлау үшін пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл жүзеге асырылады. Осы жұмыстардың нәтижелерін жаңа жол салу және қолданыстағы автомобиль жолдарын қайта құру кезінде технологиялық қателіктерді болдырмау мақсатында пайдалануға болады.

 

Біздің серіктестер