Басқы бет → Институт туралы → Оқу орталығы → 2006-2014 жылдары «ҚАЗЖОЛҒЗИ» ақ қайта даярлаудан өткен жол саласының мамандары туралы мәлімет

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

2006-2014 жылдары «ҚАЗЖОЛҒЗИ» ақ қайта даярлаудан өткен жол саласының мамандары туралы мәлімет

«ҚазжолҒЗИ» АҚ жанындағы Оқу орталығында 2006 жылы жол саласының 51 маманы «Жолқұрылыс материалдары», оның ішінде сапаны бақылау курсы бойынша біліктіліктерін арттырды (ТЖИ 19 адам).

2007 жылы 124 адам біліктіліктерін келесі бағыттарда арттырды:
– Жол-құрылыс материалдары, оның ішінде сапаны бақылау (ТЖИ 17 адам, 48 лаборант);
–  Автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау, соның ішінде қысқы кезеңде күтіп ұстау (ТЖИ 21 адам);
– Инженерлік геодезия (ТЖИ 18 адам);
– Жол құрылысындағы бағаны белгілеу және сметалық жұмыстар (ТЖИ 20 адам).

2008 жылы Оқу орталығында біліктіліктерін арттыру бойынша  жол саласының
127 қызметкері келесі бағыттарда оқыды:
– Жол-құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау (ТЖИ 8 адам, 25 лаборант);
– Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі (ТЖИ 18 адам);
– Дүмпу өлшеуіш-автомобиль жүйесінің корреляциялық шамасын орнату арқылы дүмпу өлшеуішті стандартқа баламалау (ТЖИ 15 адам).
– Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындау барысында жаңа техникалар мен механизмдерді енгізу (жұмыс мамандары 14 адам);
– Құрылыста бағаны белгілеу және сметалық жұмыстар (ТЖИ 39 адам);
– Автомобиль жолдарының құрылысында және оларды пайдаланудағы берілмелі тәжірибе мен жаңа технологиялар (ТЖИ 8 адам);

2009 жылы Оқу орталығында жол саласының 106 маманы келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін көтерді:
– Жол-құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау (ТЖИ 11 адам, 9 лаборант);
– Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі (ТЖИ 4 адам);
- Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындау барысында жаңа техникалар мен механизмдерді енгізу (жұмыс кадрлары 18 адам, ТЖИ 5 адам);
–Инженерлік геодезия (ТЖИ 2 адам);
– Автомобиль жолдарының құрылысында және оларды пайдаланудағы берілмелі тәжірибе мен жаңа технологиялар (ТЖИ 8 адам);
– Автомобиль жолдары мен жасанды ғимараттарды жөндеу және оларды күтіп-ұстау (ТЖИ 3 адам);
– Қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау (ТЖИ 3 адам);
–  «Дүмпу өлшеуіш-автомобиль» жүйесінің корреляциялық жұмыстарын орындау (ТЖИ 12 адам);
– Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарында және көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде күтіп-ұстау, қысқы кезеңде күтіп-ұстау және көгалдандыру бойынша қаржыландыру нормаларын есептеу әдісін үйрету (ТЖИ 31 адам);

2010 жылы жол саласының 28 маманы төмендегідей бағыттарда өз біліктіліктерін арттырды:
– Жол-құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау (9 лаборант);
– Автомобиль жолдарын диагностикалау (ТЖИ 7 адам);
– Автомобиль жолдарының құрылысындағы және оларды пайдаланудағы берілмелі тәжірибе мен жаңа технологиялар (ТЖИ 2 адам);

2011  жылы Оқу орталығында жол саласының 198 қызметкері өз біліктіліктерін арттырды:
– Жол-құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау (9 лаборант,
ТЖИ 8 адам - жылжымалы оқыту);
– Автомобиль жолдарын диагностикалау (ТЖИ 19 адам, 8 адам ТЖИ – жылжымалы оқыту);
– Автомобиль жолдары құрылысында және оларды пайдаланудағы берілмелі тәжірибе мен жаңа технологиялар (75 адам – жылжымалы оқыту, соның ішінде ТЖИ – 56 адам, жұмыс кадрлары – 19 адам); ТЖИ 2 адам);
– Көпір ғимараттары мен автомобиль жолдарын басқару жүйесі (ТЖИ 25 адам);
– Жол-құрылыс материалдары мен жұмыстарды орындау барысында жаңа техника мен механизмдерді енгізу және цементбетоннан жасалған автомобиль жолдары құрылысының технологиясы (49 адам);

2012 жылы  (ақпан-наурыз) Оқу орталығында жол саласының 124 қызметкері келесі бағыттарда өз біліктіліктерін көтерді:
– Құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау- 46 адам (38 лаборант, 8 адам ТЖИ);
-  Автомобиль жолдарын диагностикалау (ТЖИ 19 адам);
–Автомобиль жолдары мен жасанды ғимараттарды жөндеу және оларды күтіп-ұстау (ТЖИ 60 адам);

2013 жылы (қыркүйек 2013 ж.) жол саласының 37 маманы өз біліктіліктерін келесі бағыттарда арттырды:
– Құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау - 20 адам (20 лаборант);
– Автомобиль жолдарының құрылысындағы және оларды пайдаланудағы берілмелі тәжірибе мен жаңа технологиялар (ТЖИ 17 адам);

2014 жылы (01 сәуір 2014 ж.) жол саласының 60 қызметкері өз біліктіліктерін арттырды:
– Құрылыс материалдары, соның ішінде сапаны бақылау- 60 адам (37 лаборант, 23 адам ТЖИ);

2006-2014 жылдар арасында автожол саласының 855 қызметкері «ҚазжолҒЗИ» АҚ өз біліктіліктерін арттырды. Оқыту бағыттарын қалыптастыру барысында мердігер ұжымдардан келіп түскен өтінімдер негізге алынды. Оқу жұмыстары лекциялық курстар мен институт зертханасындағы және жолдағы тәжірибелі сабақтарды қамтыды. Оқыту жұмысының бағдарламасы халықаралық стандарттармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес, материалдар, технологиялар және сапаны бақылауда қол  жеткізген заманауи жетістіктерді оқып үйретуді қамтиды. Біліктілікті арттыруға қатысқан жол саласының қызметкерлеріне бекітілген үлгідегі сертификаттар тапсырылды.
Оқу орталығында қайта дайындықтан өткен және біліктіліктерін арттырған жол саласы қызметкерлері туралы ақпарат 1,2 кестелерде көрсетілген:

1 кесте - 2006-2014 жылдары «ҚазжолҒЗИ» АҚ қайта дайындаудан өткен жол саласының мамандары туралы мәліметтер:

 

Жыл

Саны, адам

Саны, адам

ТЖИ

Лаборанттар

2006

51

32

19

2007

124

76

48

2008

127

88

39

2009

106

79

27

2010

28

9

19

2011

198

170

28

2012

124

86

38

2013

37

17

20

2014

60

23

37

2006-2014

855

580

275

 

 

Біздің серіктестер