Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Вице президенттер → Жайсаңбаев Азамат Серікқазыұлы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Жайсаңбаев Азамат Серікқазыұлы

1982 жылы 2 қыркүйекте Павлодар облысының  Красноармейка ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында № 91 орта мектепті бітірді. 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (ҚазККА) бітіріп, инженер-құрылысшы  мамандығын алды.

2004-2007 жж. – ҚазККА «Автомобиль жолдары, метро, аэродромдар, көпірлер және көлік туннельдерін жобалау және салу» мамандығының аспиранты.

2004-2008 ж. ж. – ҚазККА "Көлік имараттарының құрылысы" кафедрасының оқытушысы.

2008 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша бітірді.

2009 жылы "Жолдарды, метрополитендерді, аэродромдарды, көпірлерді және көлік тоннельдерін жобалау және салу" мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008–2012 жж. «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да «Автомобиль жолдарын жобалау және диагностикалау» бөлімінің ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2012–2015 жж. – «КазСтройСервис МГҚК» АҚ-да автожол тобының жетекшісі.

2015–2017 жж. Азия Даму  Банкі (АДБ) жоба жетекшісінің орынбасары.

2017 ж. қыркүйек–қарашада  «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Автомобиль жолдарын жобалау және диагностикалау» бөлімінің директоры.

2017 жылғы қарашадан бері «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті.

  • 2004-2018 жж. аралығында  25-тей мақаласы жарық көрген.
  • «Батыс  Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыруға қатысқаны үшін төсбелгісімен марапатталған .

Біздің серіктестер