Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Директорлар → Жексенбеков Бауыржан Қанағатұлы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Жексенбеков Бауыржан Қанағатұлы

Автомобиль жолдары және көпір имараттары департаментінің директоры 
 
1989 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,  Ақсуат  ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы қаласындағы №141 орта мектепті бітірді. 2010 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін (ҚҚЖУ) «Автомобиль жолдары, аэродромдар салу» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы осы оқу орнында «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
2008-2009 жж ««Реал уей энд констракшн» ЖШС-да  асфальтобетоншы болып жұмыс істеді.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қараша айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ  автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінде зертханашы болды.
2012 жылдың қаңтарынан бастап, қараша айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінде инженер қызметін атқарды.
2012 жылдың қараша айынан 2013 жылдың шілде айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінің бас инженері болды.

2013 жылдың шілдесінен бастап, 2017 жылдың ақпанына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ көпір құрылымы бөлімінің жетекші инженері қызметін атқарды.
2017 жылдың ақпан айынан қазан айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау және жобалау бөлімінің бастығы лауазымында болды.
Қазаннан 2017 жылдың қараша айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ көпір құрылымдары бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2017 жылдың қараша айынан бастап, 2018 жылдың маусым айына дейін «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаменті директорының міндетін атқарушы қызметінде болды.
2018 жылдың маусым айынан бастап, «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылымдары департаментінің директоры қызметін атқаруда.

  •  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2013 ж.)


 

Біздің серіктестер