Басқы бет → Институт туралы → Мамандар → Вице президенттер → Байғутанов Куат Махметұлы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Байғутанов Куат Махметұлы

1959 жылы 28 мамырда  Алматы облысы, Сарқант қаласында туылған.       1976 жылы  Сарқант қаласындағы орта мектепті бітірді. 1984 жылы Өскемен қаласындағы жол-құрылыс  институтын  инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 
 
Еңбек жолын  1977 жылы Талдықорған облысы, Сарқант қаласының жол-көпір құрылысы басқармасында  жол-құрылысы автотехникасының ұстасы болып бастады. 
 
1989-1991жж.  Өскемен жол-құрылысы институтының Алматыдағы  бөлімінде автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы біліктілігі берілді. 
 
1984-2002жж. Алматы облысы, Сарқант қаласының №23 жол-көпір құрылысы басқармасында  ұста, прораб, автомобиль жолдары құрылысы бөлімінің бастығы қызметтерінде болды.
 
 2002-2004жж. Астана қаласы, РМК «Казахавтодор»  өндірістік-техникалық басқармасының бастығы қызметінде болды.
 
 2004-2006жж. Астана қаласы, РМК «Казахавтодор» бас инженері, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 
 
2006-2015жж. РМК «Казахавтодор»-дың Алматы қаласында орналасқан Алматы облыстық  бөлімшесінің директоры болды .
 
2016 жылдың сәуір айынына бастап, «ҚазжолҒЗИ» АҚ  вице-президенті. 
 
Көптеген ғылыми, ғылыми-әдістемелік және тәжрибелік жұмыстардың авторы, атап айтқанда:
 
 «Көктайғаққа қарсы  реагенттерді жасау мен сақтауға арналған құрылғы»
 
2012 ж., «Сұйық химиялық реагенттерді пайдалана отырып, автомобиль жолдарын қыста күтіп-баптау»
 
2013 ж., «Астана қаласы аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус құрылыстарын енгізу» 1998ж.
 
2005 жылы Көлік және коммуникация Министрлігінен «ҚР Құрметті жолшысы» атағы берілген. Көлік және коммуникация Министрлігінің көптеген марапаттары мен Мақтау қағазын (2014)  алған.
 
Отбасылы, екі баласы бар.

Біздің серіктестер